Алматыда сұғанақтар соғыс ардагерінің 15 медалін қолды қылған

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 22:10

Алматыда сұғанақтар соғыс ардагерінің 15 медалін қолды қылған. Қаскөйлер тіпті, төсбелгі иегерінің майданнан жолдаған хаттары мен құжаттарын сол жерде жағып кетіпті. Зардап шеккен отбасының көршілері де қарақшылардан зәрезап болғандарын айтады. Өйткені, әбден басынған қарақшылар бір үйге бірнеше рет түсетін көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Полиция да олардың ізін кесе алмай жүргендіктен, жұрт енді кімге шағымдануларын білмей дал.

“15 шақты медаль болған, хаттары болған Даладан бір фотография таптым,табылғаны осы ғана. Басқаны іздемесін, алтынды іздемесін,ақша іздемесін осындай жағдайда можно принять и принять какие то меры”, – дейді зардап шегуші Сәуле Исаева.

Төсбелгілерден бөлек, ақша мен зергерлік бұйымдарды да қолды қылыпты. Зардап шегушінің айтуынша жарты жыл ішінде ұрылар осы  Алпамыс батыр көшесіндегі 10-нан астам үйді тонап кеткен. Тіпті, бір үйге , бір емес бірнеше рет түскен екен. Алайда қанша ұрлық жасалса да қарақшыларды ұстады дегенін естімепті.

“Бүкіл осы мкр-да  жиі болып тұратын нәрсе.Үйімде екі рет ұрлық болды .барлық почти адамдар да белгілі, кім ұрлағаны да белгілі примерно прицел бәрін айтып береміз.ну ұстап әкелген жағдай болған жоқ. выявленный бір ограбление аштық деген сөзді мен естіген жоқпын”, – дейді көршісі Бақытбек Омаров. 

Тұрғындардың айтуынша ұрыларға темір есік те, ауладағы ит те тосқауыл емес екен.  Ал тәртіп сақшыларына жұрттың өкпелері қара қазандай. Әзірге полицейлер бұған қатысты еш бір ақпарат бермей отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар