Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда суға кеткен жігіттің достары оны құтқарудың орнына қашып кеткен

Алматыда 28 жастағы жігіт суға кетіп мерт болды. Сайран көліне батып кеткен жігіттің денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Марқұмның туыстары жігіттің жанында болған достарының құтқаруға ұмтылмай тұра қашқандарын айтып ренжулі.

Сайран көлі шомылуға жарамсыз. Алайда оған түсушілер көп.

Ұлының өлі не тірі екенін біле алмаған анасы кешелі бері көлді айнала шарқ ұрып жүр. Баласы тірі табылып қала ма деп үіттенеді.

Марқұм болған Нұрлан Тұрлығожа 1989 жылғы.

«Бір әйелдер  көмектеспейміз деп кетіп қалыпты. Екі баланың кім екенін білмеймін. Данияр деген досыммен кездесем деп кеткен ғой осы жерге», – дейді анасы Биғайша Маралбаева.

Оқиға орнына құтқарушыларды шақырғанымен олар су салқын деп көлге түспей қойған.

«Кешке жақын қараңғы болып кетті біз іздей алмаймыз,су суық деді. Одан таңға дейін біз бар жарығымызбен жүгіріп шықтық. Таңды атырдық», – дейді әпкесі Лаура Тұрлықожа.
Осы жердің қадағалаушылары ол аймаққа жауап бермейтіндерін айтты. Судың тереңдігі 3 метр ғана. Сүңгуірлер көлді сүзіп іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау