Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған бухгалтерлер жеңіл жазамен құтылды

Студенттердің ақшасын жымқырған экс-бухгалтерлер жеңіл жазамен құтылды. Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бұрынғы есепшілеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

vzyatka

Сурет: mgorod.kz 

Онда сотталушылардың екеуі 5 жыл шартты мерзімге кесілді. Ал, есепшілердің бірі – Сәуле Жекенова 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылғанымен, жазасын өтеу 5 жыл кейінге шегерілді.

Өткен жылы әшкереленген былықтары үшін сот алдына барғандар – Қазақ ұлттық университетінің бұрынғы бухгалтерлері Диана Тұрсынбекова, Балауса Нұрлан және Сәуле Жекенова. Бүгін үкімді естуге келген олар бет-жүзін жасырып баққы. Көңілдері де пәс. Себебі, бұған дейін прокурор оларды қылмыстары үшін 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бірақ есепшілер әлдеқайда жеңіл жазамен құтылды.

-Тұрсынбекова Диана мен Нұрлан Балаусаны кінәлі деп тауып, 5 жылға шартты түрде соттау туралы шешім қабылданды. Олар 3 жылға дейін толыққанды материалдық жауапкершілігі бар қызметтен шеттетіледі.

Яғни, алаяқ екеудің жүріс-тұрыстары 5 жыл бақылауда болмақ. Ал үшінші сотталушы Сәуле Жекенова үкім бойынша 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Әрі барлық мүлкі тәркіленбек. Бірақ ол жазаны араға 5 жыл салып өтейді. Судьяның мұндай шешім қабылдауына Жекенованың кішкентай баласының болуы себеп екен. Алайда адвокаттың айтуынша, оның жазадан сытылып кетуі әбден мүмкін.

– “5 жылда режимді бұзбау керек.  Кейін ешқандай жазаға тартылмауы да мүмкін. Ол материалдық шығынды өндіруге байланысты ғой, – дейді адвокат Орынбасар Егембердиев.

3 есепшінің былығы былтыр әшкереленген еді. Яғни, аты дардай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлектері күтпеген жерден оқу ордасына 120 миллион теңге қарыз болып шықты. Олардың төрт жыл бойы құйып келген қаржысын бүгін үкім кесілген бухгалтерлер жымқырған. Олар жазаларын жеңілдету үшін 1 жыл ішінде студенттермен мәмілеге келіп, ақшаларын қайтарыпты. Күткендей-ақ, үкім де көңілдерінен шықты.

-“Осындай қылмыс үшін жеңіл емес пе мұндай жаза?!”, – дейді адвокат Орынбасар Егембердиев.

Енді, бұл үшеуі Ұлттық университетке 4 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндетті.

Жіберіп алмаңыз:

Елордалық компанияда сынақтан өтіп жатқан есепші 3 млн теңгені жеке шотына аударып алған

Талқылау