Алматыда студенттер жатақханасының отбасыларға жалға берілетіні белгілі болды

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 13:14

Алматыдағы студенттердің жатақханасы жалға берілген. Ал шалғайдан білім іздеп келген жастарға жасалған жағдай көзбояушылық. Студенттер үйінде жуынатын бөлмесі, жаттығу және оқу залдарының есігі құлыптаулы тұр.

cDFrMjd0WCM

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы бастап, қоғамдық ұйымдар қаладағы бірнеше оқу орындарының жатақханасын қарап шықты. Күтпеген  қонақтардан тығылған бөгде адамдар мен басшылардың уәжі мынадай.

Бұл қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің студенттер үйі. Студенттерге арналған жатақханада тұратын адамдар аяқ асты келген тексерісті күткен жоқ. Әр бөлменің есігінде кімдердің және қай курс студенттері түратыны анық жазылған. Ал, мына есікте ешқандай ақпарат жоқ. Ішінен жауып алған есікті полицейлер ашқыза алмады. Жалпы аграрлық университетте онға жуық жатақхана бар. Оқу орны жетекшілерінің айтуынша, бір ғимарат арнайы қызметкерлерге, докторанттар мен магистранттарға берілген. Қалғандарында тек студенттер тұрады деді. Бірақ тексеріс барысында жанұялы жандардың да тұратыны байқалып қалды. Аталған университет жатақханасында биылдың өзінде екі студенттің өмірі қиылған. Бірақ оқыс оқиғаларды жасырып бағуға тырысқан басшылар ақыры өлімге соқтырған істің орын алғанын растады.

«Оқыс жағдай болды. Мынау жаңағы қар көшкіні болып, бір қызымызды үстінен басып қалып, сондай бір жағдай болды. Өкінішке орай»,- деді Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Технология және биоресурстар факультетінің  деканы, Батырхан Бұралхиев.

Ескірген жатақхана, тозығы жеткен бөлмелер. Сынған орындықтар, ауыстыратын уақыты әлдеқашан өтіп кеткен  кәріс желілері. Лас бөлме. Бұл “Ақбота” деп аталатын студенттер үйінің қазіргі келбеті.

«Жатақханада толық жағдай жасалған деп айта алмаймыз. Кейбір бөлмелерде бізде сылақ құлап жатыр. Кейбір бөлмелерде ремонтты шала-пала жасаған. Біздің мақсат екі аптаның ішінде 94 жатақхананы жүріп өтіп, нақты студенттердің мазасын алып отырған жағдайларды жоғары оқу орындарының басшыларына көрсету»,- деді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, Шыңғыс Бескемпіров.

Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жатақханасы. Жалпылама алғанда жақсы көрінгенмен, жатақхананың жіпке тізер кемішіліктері көп. Жүздеген студенттер жуынатын душ аптасына үш ақ күн, оның өзінде ары кетсе үш сағат қана жұмыс істейді. Ал, оқу және жаттығу залдары студенттерге емес, зат сақтайтын  қоймаға айналған. Кірген шыққанды қалт жібермей, қауіпсіздікті қадағалайды деп қойылған камералардың аты ғана.

«Ұл балалар мен қыз балалардың бөлмелері бір-біріне қарама қарсы. Әр түрлі курстардың бірге жатуы күш көрсету шараларының факторы ретінде анық көрсетіп отыр»,- деді Студенттер альянсының  жетекшісі, Альбина Сариева.

«Дәретханада төрт кабинка бар. Оның екеуі жұмыс істемейді. Жуынатын бөлменің іші лас және оның бір раквинасы жұмыс істемейді. Жатақхананың тұрғындары ремонтына әр бөлмеге өз қалталарынан қаржы шығарады»,- деді Жастар конгресінің жетекшісі, Сандуғаш Сандыбаева.

Еліміздің әрбір үшінші студенті  Алматыда білім алады. Білім алып жатқан жастардың саны жалпы 140 мыңға жуық. Қалада 38 жоғары оқу орны бар болса,олардың 7-еуі  ұлттық мәртебеге ие.  Бірақ, білім берумен бизнесті де қатар жалғастырып жатқан  оқу орындарының барлығында арнайы студенттеріне арналған жатақхана жоқ. Ал, Алматыда 90-нан астам жатақхана болса, онда тұратын қызметкерлер мен ізденушілер саны не бары 30 мың.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жатақханадағы жаппай төбелесте 1-курс студенті көз жұмды

Қарағандыда ерлі-зайыптылардың 7 қыздан соң көптен күткен ұлы өмірге келді (фото)

Шариғат бойынша сәуір айының жаңбыры көптеген дертке дауа

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар