Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда соққыға жығылған дәрігерге қаржылай көмек керек

Қазақстандықтар Алматыдағы соққыға жығылған дәрігерге ақша жинап жатыр.

12

“Құрметті, әріптестер мен достар! Дәрігердің  адам өмірін сақтап қалуға күресетін жандар. Алайда, кейде дәрігердің өзіне де көмек керек болады. Осы бір хабарламаға сіздер үн қатады деп сенеміз!

26.11.2015 жылы түнгі ауқытта Таугүл ықшамауданына жедел жәрдем шақырылады. Әйелдің кеуде тұсы ауырып, дем алуы қиындаған екен. Жедел жәрдем  электрокардиограмма жасап жатқанда бөлмеге бірге тұратын мас азамат кіріп, дәрігердің жұмысына бөгет еткен. Әйел ауруханаға жатқызылатын болды. Бірақ мас еркек жедел жәрдем көлігінің шығуына жолын бөгеп, жүруіне бермеген. Дәрігер масты тыныштырмақшы болады. Ол көліктен түсе бергенде мас оның басынан кож-блокпен қрып жіберген.

Қазір досым №7 Алматы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Досым Сейсенбаев Наркескен 26 жаста. Ол университетті үздік бітірген. Ол сол уаұытта №7 қалалық ауруханада  резидентурасын өтіп жатқан. Қазір сонда кома да жатыр. Емнің бірінші кезеңін Алматыда өткізіледі. Одан кейінгі емі шетелде өтуі керек. Ал оған үлкен қаражат керек”, – деп жазған Гаухар Айтбай Facebook парақшасына.

Қаржы салу  үшін есеп-шот  нөмірі: Қазақстанның Халық Банкі KZ786010002001980564 Сейсенбаев Накип Жакипович немесе 87083287072 Qiwi кошелек інісі Сейсенбаев Ролан Накипович

11

Талқылау