Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шұғыл жолға шыққан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды (фото)

Алматыда тұрғындардың бірінен келіп түскен шақыруға қарай асыққан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды.

3117172

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Жол апаты Рысқұлов пен Карпатский көшелерінің қиылысында орын алған.

3117231

Өрт сөндіру көлігі жүргізушісінің айтуынша, шұғыл қоңырау түскен мекен-жайға асыққан көлікке жеңіл көлік келіп соқтығысқан.

3117295

Соқтығыстан қашқан өрт сөндіру көлігінің тізгіншісі рөлді оңға бұрған, сол сәтте бордюрдің үстіне шығып кеткен көлік ағашқа соғылып аударылады. Бақытқа орай, ешкім ауыр жарақаттанбаған. Қазір Алматы полициясы оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда дәретханадан өлі табылған балаға бас-көз болуы тиіс ересектер ұйықтап жатқан

Апат: Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты жаңа дерек шықты

Астанада әйел сәбиімен бірге 12 қабаттан құлап кетті

Грузияда Қазақстан азаматы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, 5 адам қаза болды

Талқылау