Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

Алматының Түркісіб ауданындағы сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 12 қазан күні бала байқаусызда төменге құлап кеткен. Оқиға “Март” сауда үйінде болды. Айқай-шуды естіген көпшілік сол маңға жинала кетті.

«Әйел баланы қолына ұстап эскалатормен жоғары келе жатқан. Екінші баласы қоларбада болған. Олар 4-қабатқа бет алады. Кенеттен әйелдің қолына ұстап тұрған баласы 3-қабаттан басымен құлап кетті. Жедел жәрдем келгенше бала қансырап жатты», – дейді куәгер.

Болжам бойынша, бала 2-3 жаста. Дәрігерлер келгенде тірі болған.

«Басында есінен танып қалды. Анасы жанында жылап тұрды. Кейін бала есін жиып, ол да жылады. Бірақ көп қан кетті. Бастысы – есін жинады ғой», – дейді куәгер.

«Бала бас-ми жарақатымен 1-балалар ауруханасына жеткізілді.  Жамбасы сынған болуы мүмкін. Қазір тексеру жүріп жатыр», – дейді дәрігерлер.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

Тыр жалаңаш күйі көлікке асылып видеоға түскен қыз абайсызда ажал құшты

Армян фотографы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің танымал туындысын сыйламақ

Талқылау