Алматыда сасық иісті байқамаған әкім жұрттың ашуын келтірді

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 7:14

Алматыда құрылыс материалдарын өндіретін компанияға тиесілі жер аумағы полигонға айналған. Ал үйлері оған тиіп тұрған Жетісу ауданының тұрғындары 1 айдан бері таза ауаны ұмытыпты. Яғни олар жағымсыз иіске тұншығып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ыыы

Сурет zhetysu.almaty.kz

Бұл тұрғындар үйде есік-терезелерін қымтап, ал далаға шықса ауыз-мұрындарын тұмшалап жүруге мәжбүр. Бұған себеп – 1 айдан бері аумаққа жайылған жағымсыз иіс. Қазір бала-шаға далаға шығып ойнауды, ал үлкендер жағы кешкі серуенді ұмытыпты. Тіпті иіске шыдамағандары уақытша үйлерін тастап кетіп жатыр.

“Сасық. Жел соқса шыдай алмайсың. Есікті жауып, қашып кетеміз. Бала-шағамызды аламыз да, әпкелеріміздің үйіне кетеміз”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Талғат Жазылбеков.

Адам төзгісіз иіс бұрынғы кірпіш зауытынан таралады екен. Биік қақпамен қоршалған аумақ бүгінде нағыз қоқыс полигонына айналыпты. Жүк көліктері мұнда түнімен тұрмыстық қалдықтарды тонналап әкеліп, төгіп кететін көрінеді. Тіпті, онда шыбын-шіркей мен алып егеуқұйрықтар қаптаған. Қоқыс полигонының зардабын тартқан халық жергілікті әкімдіктен көмек сұраған. Тек жұртқа жақпай жатқан иісті мұнда келген әкім сезбей кетіпті.

Шыдамы таусылған халық бүгін мәселені шешуге келген осы жер телімі қожайынының өкілімен керісіп қалды. “Құрылыс материалы” акционерлік қоғамының вице-президенті болса, қоқыс алаңы пайда болған аумақтың жалға берілгенін мәлімдеді. Сол кезде бұлар ол жер қоқыс алаңына айналады деп мүлдем ойламапты.

“Аумақты жалға алғандар тасымал қызметімен айналысамыз деген. Бірақ оның орнына мұнда тұрмыстық қалдықтарды тасыпты. Мен өзім жол жүріп кетіп, мұны білмей қалдым. Қазір жалға алушыларды бұл жерден шығару туралы шешім қабылданды”, – деді “Құрылыс материалы” акционерлік қоғамының вице-президенті Ерлан Шәкіртов.

Осылайша жер иелері тұрғындарды жағымсыз иістен құтқаруға уәде етті. Яғни жұмаға дейін мұндағы қоқысқа толы полигонның көзін жоймақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар