Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда салонында жүкті келіншек бар жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады (фото)

Алматыда салонында жүкті келіншек бар жедел жәрдем көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатына ұшыраған.

4295ba66d656fed67ccd88cd423069d4

Бұл туралы СТВ арнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасында айтылды.

Жол апаты 14 наурыз күні таңертең Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшелері қиылысында орын алыпты. Жедел жәрдем автокөлігі Бөкейханов көшесі бойымен оңтүстік бағытта жүрген. Жүргізушінің айтуынша, даңғылға жетпей көпір астында автокөліктер ағынын көріп айналып өтуге тырысады. Сосын ол жарық дабылын қосып, қарсы жолақпен жүрген.

ecc452832de5ffc4315fdd93564a63cf

Салонда жедел медициналық көмекті қажет еткен жүкті келіншек отырғандықтан жүргізуші осындай қадамға барыпты.

401d5d698a9cc9644af20a2d2d9c4951

Осылайша ол қарсы жолақпен жүре бергенде оған даңғылға шыға берісте Daewoo көлігі келіп соғылады. Жеңіл көлік Бөкейханов айналмасы арқылы солтүстік бағытта жүрген.

photo_210236

Апат нәтижесінде ешкім зардап шекпеген. Оқиға орынына басқа жедел жәрдем көлігі шақыртылып, жүкті келіншек дереу медициналық мекемеге жеткізіледі.

Талқылау