Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі 29 шілдеде өтеді

Алматыда Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең – 29 шілде күні өтеді.

20160728165102

Бұл туралы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Шәкеевтар отбасының досы Виктория Момынбаева хабарлады.

“Аза тұта отырып хабарлаймыз, Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең – 29 шілде күні таңертеңгі сағат 09:30-дан 11:00 аралығында “Қазақконцерт” залында болады. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 83, Әйтеке би көшесінің қиылысы”, – деп жазды В. Момынбаева.

Айта кетелік, бүгін белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевтің өлі денесі сағат 11.00 шамасында Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимирязев пен Бұхар жырау көшелерінің аралығынан табылды. Мамандар Сафар Шәкеевтің денесін осыған дейін таппаған себебін айтқан еді.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Содан бері қалада жан-жақты іздеу шаралары жүргізілді. Оған 170-тен астам адам қатысты.

Олардың арасында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, еріктілер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.

Талқылау