Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда саентолог жетекшілері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді

Алматы полициясы “Саентология шіркеуіне” қатысы бар “Алматы қалалық өз-өзін жетілдіру орталығы” деп аталатын қоғамдық бірлестіктің басшылары ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс ашты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

fee09dffbe35fb3f2490a8fc4f743cc875724ccb

Сурет dailynews.kz

“Ішкі істер органдарында “Алматы қалалық өз-өзін жетілдіру орталығы” басшыларына қатысты ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. “Саентология шіркеуі” 2012 жылы дін істері жөніндегі агенттік шешімімен діни бірлестік құқығынан айырылған болатын”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тексерістің жүргізілуіне “көрсетілген ұйым функционерлері бұрынғы дін ұстанушылардан нәтижесіз кеңестер мен жұмыстары үшін тым қымбат бағада ақша алып, алаяқтықпен бопсалап отырған” деген ақпарат себепші болды.

13 маусым күні Алматыда орталықтың офисінде тінту жұмыстары жүргізіліп, айғақ беретін бірқатар дәлелді заттар табылған. Әзірге тексеріс жалғасу үстінде.

Осыған дейін аталмыш ұйымға тікелей бағынышты “Дианетика” Павлодардағы ұйымының да үстінен сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілгені хабарланған еді.

Талқылау