Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сәбиді өлімші етіп сабады деген бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ

Алматыда бір жастан енді асқан сәбиді өлімші етіп сабады деп айыпталған бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ. Тараздық Толқын Өкеева нәрестеге қол ұшын да тигізбедім дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

jpg-3

Оның айтуынша, баланың өзі ойыншықтан құлап басын жарақаттап алыпты. Осылай деп ант-су ішкен келіншек қайта өзін күллі елге жауыз етіп көрсеткен сәбидің анасын кінәлап отыр. Айтуынша, ол ұлын аты-жөні жоқ үйіне тастап кеткен.

“Мен айттым өзімнің денсаулығым жоқ, жаңадан келдім емделіп, мен қайта қайта құлап жатырмын қысымым көтеріліп, балаңа қарайтын денсаулығым жоқ деп едім, “жоқ тәте маған бір-ақ апта қарап беріңіз…сосын мен қолыма алам” деді. Содан бұл қыз жоқ боп кетті. 8:39 Тәте мен сізге сеніп едім, мен айттым сен расписка бірдеңе жаздырып алмайсың ба?сен қалай сенесің? Мені танымайсың. Бірге жұмыс істедік жарайды”, – деді Толқын Өкеева.

Осылайша танысы қолқалап қоймаған соң Мансұрға бас-көз бола тұруға келіскен келіншек сәбиді сабағанын да теріске шығарды. Саусақ ұшын да тигізбедім деп ант-су ішкен әйел баланың аулада ойнап жүріп жарақаттанғанын айтады. Онда да басы жарылмай, жәй ғана сырып алған екен.

“Ойыншық машина камаз сияқты қызыл машина. Содан құлап кетті. Басы ешқандай жарылған жоқ, оны көршілердің бәрі көріп тұр, басы жарылған жоқ. Болды, машинадан құлады содан екі жерінде жарығы болды, оны көрген адам бар”, – деді Толқын Өкеева.

Бірақ, дәрігерлік сараптама мүлдем басқа дәйектерді келтіріп отыр. Ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген балада көгерген іздер табылған. Одан қалды, құлағы қанап, ақ халаттылар иненің іздерінің барын айтқан. Бірақ Толқын мұны да мойындамай отыр. Тіпті анасы о баста кешірім берген дейді.

“Мен баламның құлағына ине тықпаймын, елдің баласының құлағына қайтіп ине тығам? Мен ішетін әйел болсам жарайды енді айтасыздар ине тықты, бүйтті, сүйтті деп мені көршілерімнің бәрі біледі қандай келіншек екенімді. Сізге қоятын менің ешқандай кінәм жоқ деді, маған просто ақша берсеңіз болды деді. Сөйтіп менен ақша талап етіп отыр”, – деді Толқын Өкеева.

Ал оңбай таяқ жеген баланың халі әлі де ауыр. Дәрігерлер бас сүйегінің сынған жеріне ота жасаған. Нәресте 3 күн бойы комада жатса да, оны есінен танғанша ұрды делінген адам тек қаладан кетпеу туралы тілхат беріп құтылған. Оқиға бір ай бұрын болса да, тергеушілерге қазір жан бітіп, куәгерлерден жауап енді ғана алынуда.

Бұған дейін Алматыда 2 жастағы бүлдіршінді күтушісі аямай ұрып-соғып, комаға түсіргені жайында хабарлаған едік.  Күтушісі аяусыз ұрған сәбидің анасы оқиғаның адам шошырлық жайттарын айтып берген еді.

Талқылау