Алматыда сәби сатқан акушерлер сот үкімін естіп талып қалды

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 23:50

Алматы соты бүгін атышулы “акушерлер ісіне” нүкте қойды. Жаңа туған шақалақтарды сатып, ұзақ уақыт бойы қыруар қаржы тауып келген перзентхана қызметкерлері енді кемі 2 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Айыбын соңына мойындамағандарға судья бүгін тіпті 9 жыл кесті. Бұған қоса, барлығының мүліктері тәркіленетін болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

arukaa

Фото: kazgazeta.kz

Сәби саудасымен танылған Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімінің қызметкерлері мұндай қатал үкім күтпесе керек, сот залында шетінен талып қалды.

Балаларды тірі тауарға айналдырғандарға қатысты атышулы сот 5 айдан астам уақытқа созылды. Себебі, айыпталушылар саны 32 адам. Олардың қатарында перзентхана қызметкерлері, туған баласын сатуға келіскен 4 әйел және сәбиді заңсыз жолмен ақшаға сатып алғандар бар. Бүгінгі үкім алдында көбі ашулы. Тіпті залға кірген журналистерді де жағадан алуға дейін барды.

Бүгін осы шулы іске ақыры сот соңғы нүктесін қойып, 32 айыпталушыға үкім кесті.

“Кінәлі деп танылып, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабының 2 тармағымен мүлкі тәркіленіп, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – дейді судья.

Судья осылай әр дәрігердің жазасын жеке-жеке оқып берді. Яғни, енді Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімінің қызметкерлері 2 жылдан 9 жылға дейінгі уақыттарын түрмеде өткізбек. 2 жыл мерзім кінәләрін бірден мойындап, сот ісінің жүргізілуіне көмектескендерге берілді.

Ал соңына дейін қарсыласып мойындамағандардың жазасы ауыр. Сондай-ақ олардың мүліктері тәркіленеді. Және сот шығындарын өтеулері тиіс. Мұны естіген, бұрынғы акушерлер шетінен талып жатыр.

Сәби саудасын қыздырғандардың былығы былтыр әшкереленген. Ақ халаттылар бұл әрекеттерін 8 жыл бойы жүзеге асырып келген екен. Осы уақыт ішінде 15 шақалақ сатылып кетіпті. Айыпталушылар бұған дейін қолхатпен және мүліктерін кепілге қойып бостандықта жүргенін де айта кетейік. Бүгін олардың барлығының қолына сот залында кісен салып тікелей түрмеге алып кетті.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы бір перзентхана жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан

Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған медбике ұсталды

Шымкент перзентханасында сатылған 21 сәби дерегіне қатысты тергеу басталды

Алматыда перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Динара says:

    Ана сатамын деген соң бала керек дегендерге дəрігерлер сатып береді… Дəрігерлер ақша сұрамайды өздерің мыйларың солай ойлайды. “Анау берді, анадан алды оларға енді жақсы қарайды маған қарамайды”-деп. Сен бермесең сенен тартып алмайды.. Алғанды кім жақсы кірмейді дейсіңдер.. “Алмақтыңда салмағы бар”-дейді қазақ..

  • Анонимно says:

    Баланы детдомнан асырап алу ушин бир жыл жугирди курбым, дени сау бала бермейди. Ала алмады. Шет елге сатады. Раддомнан алуга бел бугандар сол секилдилер болар.

  • Анонимно says:

    Бундай Кызылордада коп

  • Жұмбақ жан says:

    Олардың өздерін құлдыққа сату керек

  • Акушер says:

    Соттау аз. Ату керек!

  • Жұмбақ жан says:

    Ияя, солай казир акшан болмаса карамайды да

  • Анонимно says:

    Дұрыс

  • Анонимно says:

    Казир акшан болмаса арам олесин.

  • Анонимно says:

    Бала сату Шымкенттеде бар. Бала сатқан былай тұрсын жүкті әйелдерден ақша сұрайды. Бермесең арамы өлесің.Ақша тауып бере алмағандардың сәбилері шетінеп кеткенін көрдім. Өзімніңде босануыма аз қалды қатты қорқамын бірінші қалтаңа ақша салып дайындалуың керек .

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар