Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда рульде отырған автобус жүргізушісі қалғып кетіп, бағанаға соғылды

Алматыда апатқа ұшыраған 304-ші бағыттағы автобустың үш жолаушысына ота жасалды, – деп хабарлайды ктк арнасы.

a2c4e0d6035470b1f693da2b8fb802f0b5e92a

Өткен сенбі күні Сүйінбай көшесімен жүйткіген қоғамдық көлік бетон бағанаға барып соғылған еді. Салдарынан салондағы 12 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ, көпшілігі сол сәтте-ақ дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылыпты. Ал аяқ-қолы сынған 3 азаматқа ота жасалған. Олардың денсаулығы қалыпты. Десе де, бір ажалдан аман қалғандардың сынығы біткенше біраз уақыт күтім керек. Ал төсекке таңылғандар апаттың қас пен көздің арасында болғанын айтады. Тіпті жүргізуші тізгінде отырып ұйықтап кетуі де мүмкін дейді зардап шегушілер.

«Аяқ-астынан келе жатқанда бағана жаққа бұрылып, ұрындық. Автобустан елді шығаруға тырыстық. Бір жас баланы қатты қысып қалды. Соны шығарғанша құтқарушылар келіп, темірін үзіп сол баланы шығарып алды», – дейді жәбірленуші Сүйіндік Жұмалинов.

Талқылау