Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Range Rover көліктерінің жүргізушілері «мақтаншақтығы» үшін жазаға тартылды

Алматыда нөмірлері бірдей екі Range Rover көлігінің иелерін полицейлер жазаға тартты, – деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы бойынша ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеуінше, полицейлер тәртіп бұзушылардың тұлғасын анықтап, жауапкершілікке тартқан.

«Көлігінің алдыңғы бөлігіндегі мемлекеттік нөмірін берген жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлімі бойынша (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК көлемінде айппұл салынды.

Басқа адамның мемлекеттік нөмірін пайдаланған екінші жүргізуші ҚР ӘҚБтК 590-бабы 3-бөлімі бойынша (Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату) жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлімі бойыша (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды», – дейді Алматы бойынша ІІД баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыз:

Семейде желі арқылы бала ұрлаушылар туралы хабарлама таратыла бастады

Қазақстан астанасының ауысқанына 20 жыл толды

Талқылау