Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығы сатылды

«Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығын ARCADA компаниясы сатып алды.

Company_808_lgCpVdHPTaG4wP8tKpuJ5G

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Қазақстанның сауда рыногінде өз орны бар девелоперлік бұл компания қазір орталықты жалға алатын мекемелерді белсенді түрде іздестіру үстінде.

«Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының аты аталса, күллі Қазақстан жұрты ондағы атақты әнші Қайрат Нұртастың былтырғы концертін еске алады.  Орталықтағы шоудың аяғы төбелеспен, ғимараттың төменгі қабатын қиратумен біткен. Үлкен дауға қала әкімдігі араласып, жазықтылар сотталып, шу басылған.

«Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығы 2009 жылы салынған. Алматыдағы Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысындағы үлкен СОСО-ның жалпы жер көлемі 34 мың шаршы метрді алып жатыр. 500 автокөлікке арналған автотұрағы бар.

СОСО-ның жаңа қожасы –ARCADA компаниясына қазақстандық танымал бизнесмен Алексей Нефедов басшылық жасайды. Компания негізінен инвестициялық жобалармен, құрылыс пен коммерциялық жылжымайтын мүліктерді басқару ісімен шұғылданады.

Талқылау