Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицияға шабуыл жасаған тағы бір күдікті ұсталды

Алматыдағы Абылай хан даңғылы мен Әйтеке би көшелері қиылысында тәртіп сақшыларына оқ атқан тағы бір шабуылдаушы адам қолға түсті.

IMG-20160718-WA0016

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін ҚБТУ аумағында шабуылдаушы ер адамды полиция құрықтаған болатын.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Талқылау