Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция ұстап алып кеткен мүгедек ер адам жоғалып кетті

Алматыда мүгедек ер адамның жоғалып кеткені туралы оның туыстары Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

20160914095247

«Ағамыздың жоғалып кеткеніне 5 күн өтті. Құзырлы органдардың іздеу жұмыстарынан нәтиже көре алмай отырғандықтан, бар білгенімді ортаға салғым келеді. Осылай, мүмкін, басымызға түскен қиын іске қоғам назарын аудартармыз. Біздің ағамыз  мүгедек жан, дүкенге шығып кеткен. Оны көшеден полицейлер ұстап алып, аты-жөнін анықтау үшін бөлімшеге алып кетіпті. Осыдан кейін оны Каблукова көшесіндегі жүйке науқасын емдейтін ауруханаға апарған. Ол жерде ағамызды дәрігерлер қарап, қайтарып жіберген. Осыдан кейін ол із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиғаның мен айтып отырған желісін бірден анықтағанымыз жоқ. Себебі, оны ұстап алған полицейлер де, қараған дәрігерлер де бізге хабарласқан жоқ.  Оны погон таққандардың алып кеткені туралы біз дүкен сатушысынан білдік. Бұл заңсыздықтан кейін мен енді кімге арызданарымды білмеймін. Сондықтан, іске қоғам назарын аудартқым келеді. АІІБ-ға біз арыз да жаздық», – дейді жоғалған ер адамның жиені Анель Нұрбекова.

Талқылау