Алматыда полиция қызметкері табельді тапаншадан оқ жаудырды

Жұма, 4 Наурыз , 2016 8:27

Алматыда полиция қызметкері табельді тапаншадан оқ жаудырды. Жеке көлігінде болған тәртіп сақшысы мен қарсы бағытта келе жатқан екінші көлік жүргізушісінің жол үстіндегі ерегісі қару қолдануға ұласқан. Кейіннен белгілі болғандай оқ атқан полицей Алматы облысы Қарасай аудандық Ішкі Істер басқармасының қызметкері екен.

52525

Сурет gazeta.caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға 1 наурызға қараған түнде болды. Жол үстіндегі ерегісте полицей формасындағы адамның төс белгісі мен қаруын байқаған жәбірленуші бірден тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Айтуынша, алғашында балағат сөздер айтып, қару кезенген ол көлігіне отырып кетіп қалған. Тергеу амалдары аяқталғанша түрін көрсетпеуді өтінген жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

“Екінші, үшінші үйге кел деді де қашып кетті. Тапаншасы қолында тұрды. Салмады. Ол қашқанда артынан мен де қуаладым. Артынан бардым, есік алдында тұрдым. Үйіне кірді. Есік алдынан кішкене артқа жүрдім. Ол шықты да сегіз оғын бірақ атты”, – дейді жәбірленуші Аслан Арапов.

Көлігімен келіп ашық тұрған аулаға кірген полицей артынша қайта шығып көліктегі Асылан Араповқа қарата табельді тапаншадағы оқ таусылғанша атқан. Кейіннен тәртіп сақшылары бұл жерден 8 гильза анықтады.

Жәбірленушінің сөзінше полицейлер тәртіп сақшысына қатысты істі тартына рәсімдеген. Түн мезгілінде қызметтік қарумен көшеде еркін жүріп, тіпті, бір азаматқа қарата оқ жаудырған полицейдің тұлғасы да анықталған. Ол – полиция сержанты Өмекенов Айдын. Қалалық ішкі істер департаменті оқ атқан полицейге қатысты тиісті тергеу амалдарының жүріп жатқанын айтады.

“Қылмыстық кодекстің 293 бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі қазіргі таңда алдын ала сот алды тергеу амалдарын жүргізу үстінде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, процесуалды шешім қабылданатын болады”, – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал көліктің видеотіркегішіндегі таспада көлікке қарата атылғаны анық көрінеді. Енді оқ атқан полицейдің қызметтен тыс уақытта табельді тапаншаны неліктен өзімен бірге алып жүргені, оны қандай негізде қолданғаны белгісіз. Кейінірек жәбірленуші тараптан оқ атқан полицейдің әрекетіне қатысты іске Қылмыстық кодекстің өзге бірнеше баптары қосылған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар