Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлерге қарсы оқ атқандардың бірі ұсталды (видео)

Алматыда тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған шабуылшылардың бірі ұсталды. Видеоны куәгерлер түсіріп алған.

20160718125914

Белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ атқан. Қазір Алматыда ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімінде жараланып түскен адамдардың бестен асқанын, әлі де жаралылардың келіп жатқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция арасында жараланғандар мен қаза тапқандар бар. ІІД тұрғындарға қала аумағында терроризмге қарсы операцияның жүргізілуін жариялады.

ecc72ce5f400d39fc7323302d999bd0c

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Талқылау