Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлерді шулатқан жүргізуші өз әрекетін түсіндірді

Алматы қаласында ұсталған BMW көлігінің жүргізушісі наркологиялық орталықта тексеруден өтті. Ол өзінің таңертеңгі әрекетін ашық түсіндірді.

thumb__960x540_0_0_crop

Бұл туралы patrul.kz басылымы хабарлайды.

Алматы қаласында полицейлерден қашпақ болған BMW таңертеңмен жұртты шулатты. Азамат көшедегі кептеліске қарамастан, бір топ полицейден сытылып кетпек болады. Осыдан кейін оны тәртіп сақшылары тұтқындап, бірден наркологиялық орталыққа жібереді.

“Менің көлік жүргізуге арналған куәлігімді қайтаруыма екі күн қалған болатын. Мен ақырына дейін шыдамадым. Сол себепті, бүгін нар тәуекелге барып, таңертең өз көлігімді тізгіндедім”, – дейді BMW жүргізушісі.

Сараптамалар нәтижесінде азаматтың қанының құрамында морфин бар екені анықталған. Алайда жүргізуші бұл заттың ағзасына қалай түскенін түсіндіріп бере алмады. Ал оның қасында отырған бойжеткен жолаушы екен.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер әлемдегі ең улы өрмекші шаққан баланы құтқарып қалды

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Талқылау