Алматыда атыс жасаған террористің енесі күйеу баласын өлім жазасына кесуді сұрады

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 21:47

6 адамды жер жастандырған Руслан Күлікбаевтан жақын туыстары да жерініп отыр. Алматы іргесіндегі Ынтымақ ауылында тұратын ата-енесі күйеубалаларын талайдан бері көрмегендерін айтуда, -деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

 

Лаңкеске күйеуге шыққан қыздарымен де тек телефон арқылы сөйлесіп келген. Сондықтан кешегі оқиға барлық әулетімізде дақ түсірді дейді күйінген ата-ана.

Ынтымақ ауылындағы Абай көшесінде кешелі-бері кісі қарасы көп. Алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев осы ауылдың тұрғыны дегенді естіп тәртіп сақшылары да ағыла бастаған. Алайда мұнда оның ата-енесі тұрады екен. Ал қандықол күдіктінің өзі ауылға аттап баспаған. Өйткені осы үйдің жалғыз қызын алып қашқан жігіт сол бойы қайын жұртымен ат құйрығын кесісіпті. Бұған дейін екі рет сотталып шыққан күйеубаладан ата-енесі де жерініп отыр. Былтыр түрмеден шыға сала қызымызбен қайта қосылып, Байқоңыр қаласына кетті дейді олар.

– “Менің үйімде тұрмайды. Ол Қызылорданың азаматы. Ол «күшік күйеу» болатын бала емес. Қызыммен танысты сонда құда-жекжат, салық салу ондай нәрсе көрмедік. Басында намаз оқиды дегенде, маған бір жақсы бала ұшыраған шығар деп ойлаппын. Содан бері бұл бала бізден қаша берді. Қызымыз айтпайды оны”, – дейді Руслан Күлікбаевтың енесі Жұмахан Үмбетқұлова.

Кешегі оқиғадан есеңгіреп қалған отбасы күйеу баланың әрекетіне күйініп отыр. Он баланың ортасында әкесіз өскен Руслан Күлікбаев жат ағымның жетегінде кеткен дейді ата-енесі. Тіпті дінге берілгені сонша, әйелін төркіндерімен араластырмапты. Жұртқа оқ жаудыратындай қаныпезер екенін білмедік деген жақындары енді оған ең қатал жазаға тартуды сұрайды.

– “Әппақ самайымды, ақ сақалды шалымды жерге қаратты мына бала. Не деймін анық қанығын сұраңыздар. Түсініктеме де жазып бердім. Атсыншы, ату жазасына бұйырсын дедім”, – Жұмахан Үмбетқұлова.

Руслан Күлікбаевтың бұл ауылда тұрмағанын көршілер де растап отыр. Тіпті тұрғындар қаскөйдің көрші үйге күйеу бала екенін де білмедік дейді.

Қазір күдікті Руслан Күлікбаевтың кіші ұлы осы үйде тәрбиеленіп жатыр. Яғни төрт жасар баланы туғалы бері нағашы ата-әжесі бауырына басқан. Ал әйелі Аяулымды құзырлы орындар бүгін Байқоңыр қаласынан Алматыға жеткізіпті. Оны тәртіп сақшылары сұрақ-жауаптың астына алмақшы.

Бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңдаауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар