Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлерден қашпақ болған жүргізушінің қанынан морфин табылды

Бірнеше сағат бұрын белгісіз жүргізуші полицейлерден қашпақ болды. Тар кептелістің ортасында бір топ полицей оны жабылып жатып әрең ұстады. ІІД-нің хабарлауыша, жүргізушінің қанынан морфин табылған.

пер

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Экспертиза нәтижелері жүргізушінің қанында морфин болғанын көрсетті. “Көлікті анаша шеккен күйде жүргізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмақ”, – деп хабарлайды Ішкі істер департаменті.

Мұнымен қатар, оқиға кезінде инспекторлардың бірінің аяғының зақымдалғаны анықталды. Осы жағдайға қатысты да қылмыстық іс қозғалмақ. BMW жүргізушісі дәл қазір полиция учаскесінде.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 25-і күні BMW жүргізушісі бір топ полицейден қашпақ болды. Ал тәртіп сақшылары оны көлігінің нөмірі жоқ болғаны үшін құрықтамақ болған.

Талқылау