Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер Instagram-ға есірткінің суреттерін жариялаған қызды іздестіріп жатыр (фото)

Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев Instagram-да жарияланған есірткінің суреттерін мұқият тексеріп, оның авторын анықтауға бұйрық берген.

instagram_iphone

Сурет instagrama.ru

Бұған дейін ғаламтор пайдаланушылар алматылық бойжеткен ескіртіні насихаттап жатыр деп шағымданған болатын.

“Басшылық Instagram желісінде жарияланған мақалалардың авторын анықтауды тапсырды. Фотосуреттерді тексеру Алматы қаласының ішкі істер департаментінің оперативті құрылымына тапсырылды. Тексерудің қорытындысы бойынша құқықтық қорытынды жасалады. Егер желіні пайдаланушы шынымен ескірткі қолданатын болса және мұны әлеуметтік желілерде ашықтан-ашық насихаттаған болса, ол үшін жазаланады”, – деп мәлім етті Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

0a6ffaddef16faf96af133cbca5c064a

4ade10c206eba6ee8b9ddfd39b76fa25

Фотосуреттердің насихаттық сипаты бар ма, жоқ па, ол сараптамадан соң белгілі болмақ.

26d3bd63a2fe91b8f08f37b458182baa

Ал бойжеткен болса өзінің парақшасында ескірткі қолданатынын, оны қаладағы клубтарда сатып алатынын ашық жазып отыр.

Талқылау