Алматыда полицейлер 5 айлық сәбиін суықта қалдырып кеткен анасын іздеуде

Алматылық дәрігерлер 5 айлық баланың анасын іздейді. Бала қоларбаға салынған күйінде көшеден табылған, деп хабарлайы КТК.

5 айлық бала суықтап қалған күйінде ауруханаға жеткізілді. Одан бері бір ай уақыт өтсе де, оның ата-анасы, жақындары табылар емес.

“Бала біздің болжамымызша көп уақыт көшеде қалып қойған. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Аздап салмақ қосты”, – дейді жұқпалы аурулар емханасының дәрігері Валерия Ким.

Дәрігерлер қыз балаға суық тигендіктен пневмония дертіне шалдыққанын айтады. Мамандарбір ай күресті. Баланың денсаулығы нашар еді, қазір оңалып қалған. Қыз баланың есімі Антонина. Европалық нәсілді. Анасы баласын тіркемеген. Оның еш құжаты жоқ. Анасын полицейлер іздеп жатыр. Егер ата-анасы табылмаса, сәби балалар үйіне жіберіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар