Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицей қызды сабаған ер адамға қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды (видео)

Алматыдағы мектеп инспекторын ұрып тастаған ер адам бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты.

гого

Бұл туралы Patrul.kz хабарлайды.

Ким есімді ер адам теледидар пультін алып беруді сұраған әкесін өлтіріп 2 жыл 7 айға сотталған. Ол жазасын Алматы облысы, Ақтас ауылындағы психиатриялық орталықта өтеген. Оның айтуынша полицей әйелге қол көтергенін ерсілік деп есептемейді екен.

“Ким 2007 жылы адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның жүйке ауруы ауытқушылығына ұшырағаны анықталды”, – деді Алатау ауданының прокуроры Ерлан Меңдешев.

“Полицейге қол көтеру кезінде Кимнің ақыл-есі сау болған болса, онда ол 5-7 жыл аралығында сотталады”, – деді прокурор.

Ал алдағы екі айды ол уақытша тергеу изоляторында өткізеді. Ұсталғанның айтуынша, ол итін ертіп, мектеп аумағында серуендеген. Ол футбол алаңының қасындағы бір баладан ағаш шабу үшін балта алып келуді талап етеді. Ол Кимнің айтқанын орындайды. Ал іске араласқан инспектор балаға сабаққа баруды міндеттеген. Өзінің қызметтік міндетін орындаған инспектор ер адамның құжатын сұрап, балаға қандай қатысы бар екенін айтуды талап етеді. Ким ойланып жатпастан оны өзімнің балам дейді. Ал бала болса оны растамайды. Осы кезде Ким баланы мойнынан қысып алып, әкеңмін деп мойындата бастайды.

Еске сала кетсек, оқиға осы жылдың сәуір айында №114 мектептің ауласында болған еді. Оқиғаны бейнежазбасы да жарияланды.

Жігіттер не қарап тұр? Ұят! Кто владеет какой информацией?

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

Оқи отырыңыз:

Жолдасынан ерекше махр сұраған қалыңдық жұртты тамсандырды

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Еліміздің 8 облысында үсік жүреді

“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым

Талқылау