Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицей киімін киіп үш автокөлік иеленген алаяқтар ұсталды

Алматыда өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырған төрт ер адам ұсталды. Күдіктілерден полиция киімі, жалған хаттамалар мен полиция куәлігі тәркіленген. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті хабарлайды.

11258777

Күдіктілер төрт адамнан құралған. Олар 1993, 1981, 1986 және 1992 жылы туған ер адамдар. Қылмыстық топты ұйымдастырушы адам ретінде 23 жастағы Ресей Федерациясының азаматы аталған. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінің әкесі болып келетін 47 жастағы ер адам да құрыққа ілінген. Ол осы қылмысты ұйымдастыру идеясын ұсынған екен.

“Алдын ала деректер бойынша олар жеңіл жолмен ақша табуды осы жылдың мамыр айынан бастаған. Қазіргі таңда олардың жалған жолмен қызмет жасағаны анықталды.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ, алаяқтардың алдын-ала дайындаған жобасын да тапты. Олар екі рет алдау арқылы автокөліктерге ие болған. бірінде “Тойота Ленд Крузер Прадо” маркалы көлікті иеленсе, екінші рет “Мерседес Бенц-211″ маркалы көлікті тақымдарына басқан”, – делінген хабарламада.

Талқылау