Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйелдің өлімінің себебі анықталды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмған әйелдің өлімінің себебін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйелдің өлімінің себебі анықталды

Алматы қалалақы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер қалалық орталық клиникалық ауруханада 3 қыркүйек күні болған жайтты растады. Еске сала кетсек, 30 жастағы алматылық әйел жеке меншік клиникалардың бірінде мастопексия, яғни кеудесін тарттыру бойынша пластикалық ота жасатқаннан кейін ауруханаға түскен. Арада бір ай өткеннен кейін 8 қазанда ол қайтыс болды.

«Ол ауруханаға сіреспе синдромымен түскен. Әйел адамның ағзасында жансыздандыру құралына (анестезиология) реакция болған. Барлық материалдар ІІД-ге өткізілді. Департамент процессуалдық тәртіпте сараптама тағайындамақ. Соның нәтижесінде отаның барлық мән-жайы анықталады», – дейдіқоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел кеудесіне пластикалық отаны «NOA Пластикалық және лазерлік косметология орталығында» жасатқан. Алайда клиника басшылығы пікір білдіруден бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау