Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пистолет ұстап көшеде жүрген ер адам қаруын тұрғындарға кезенген

Қолына қару ұстаған азамат Республика алаңының маңындағы үй тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

75

Сурет: www.tvc.ru 

Бұзақы бірінші осы маңдағы дәмханалардың біріне кіріп, қызметшісімен сөзге келіпті. Тапаншаны да сол сәтте шығарып, қоқан-лоқы жасамақшы болған. Бірақ полицияға қоңырау шалынғанын естіген соң ізін суытуға асыққан. Көшеге жүгіріп шыққан тентек жол жөнекей қаруын адамдарға кезеніпті.

Жедел жеткен полицейлер бұзақыны тұтқындап, пневматикалық тапаншаны тәркіледі. Қалтасында ойыншық тапанша да болған. 47 жастағы азамат көрші үйдің тұрғыны екен. Таң атпай араққа тойып алғаны сонша, өзінің әрекетіне қатысты сол күйі түсінік бере алмады.

Талқылау