Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда педофил 6 жасар қызды өлтіріп, полициядан диван астына жасырынған

Бүлдіршінді өлтірген азамат ұсталған. Дәл қазір экспертиза жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қызды зорлағаны анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

3457

Бұл туралы “Informburo” хабарлайды.

Бүгін, маусымның 9-ы күні алты жасар Дарья Регурцкаяны туысқандары жер қойнына тапсырды. Екі күн бұрын оған көршісі келіп, үйіне шақырған. Артынша зорлап, тәнін канализацияға тастаған.

Сүйінбай мен Түркісіб көшелерінің тұрғындары қайғылы оқиғаның мән-жайынан хабардар екен. Қылмыстың толықтай ашылуына солар көмектескен көрінеді.

Маусымның 7-сі күні Дарья өзге балалармен бірге есіктің алдында ойнап жүрген. Оның құрбылары полиция қызметкерлеріне қасына Сүйінбай көшесінде тұратын азаматтың келгендігін айтқан.

“Балалар ол қызды бір бейтаныс азаматтың құшақтағанын айтты. Әлгі азамат оған сыйлық беріп алдаған көрінеді. Ол өзінің бірінші қабаттағы үйіне кіріп, жүрек тәрізді аспасы бар алқа мен көк шашқа тағатын резіңке алып шыққан көрінеді”, – дейді балалардың бірінің анасы.

Анасы Дарьяның жоғалғанын бірден байқап, оны іздей жөнелген. Артынша тұрғындар мен полицейлер келіп көмектескен. Әлгі жігіттің үйіне барып, тінту жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, педофилді диванның астынан тауып алған.

Әзірге тергеу жұмыстары мен экспертизалық тексерулер жүргізіліп жатыр екен.

2016 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев педофилдерді химиялық жолмен “піштіру” туралы заңғы қол қойған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да полицей-педофилге қатысты сот үкімі шықты

Қырғызстанда педофилге күдікті имам ұсталды

Қырғызстанда педофилге күдікті имам ұсталды

Павлодарда 5 жасар қызды зорламақ болған педофил камераға түсіп қалды (видео)

Талқылау