Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пальма ағаштары отырғызылмақ

Алматы қаласының 66 мың шаршы метр жері көгалдандырылып, хош иісті ерекше гүлдермен көмкеріледі. Әсемдеп әрленген гүлзарлар ұлттық ою-өрнекпен нақышталып, қараған адам көз тойғысыз сипатқа енетін болады. Шаһардың жасыл желегін арттыру мақсатында 45 мың тал көшеті және қала тарихында тұңғыш рет пальма ағашы отырғызылады.

palmi_na_poberezhe_1600

Сурет namonitore.ru

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымы хабарлады.

Жыл сайын Алматыны жасыл желекпен көмкеру үшін жылыжай мамандары сан алуан ағаштар мен гүлдердің көшеттерін өсіреді.

Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан ауқымды жылыжайда экзотикалық өсімдіктер мен ағаштардың неше түрі бар. Солардың ішіндегі біздің экологияға бейімделген түрлері жуырда қаланың орталық көшелеріне отырғызыла бастайды.

Қазір бұл жылыжайдың 16 мың шаршы метр жерінде 600 мың түп әртүрлі гүлдің көшеті өсіп тұр.

Көктемгі көшет отырғызу ісін қарқынды жүргізу үшін қосымша жұмыс орындары ашылады. Оған 12 мың адам тартылып, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1200 студент қызмет ететін болады.

Талқылау