Алматыда өзімен 7 жасар ұлын ерткен аяғы ауыр келіншек қайыр тілеп жүр

Бейсенбі, 21 Қаңтар , 2016 9:24

Алты жасар ұлын ертіп, жүктілігінің алтыншы айында көше кезген келіншектің жақында күйеуі қайтыс болған. Қаңтардың қара суығында қол жайып, көшеде отырған жесір әйел, қайырымды жандардың көмегіне зәру.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әйгерім – жүзін камерадан жасырды. Көмек көрсетпегенімен, баламның көзіне нұқып, мазақ қылатын өз туыстарымның сөзінен қорқам дейді. Анам қарайласпады, әкемнің өзге отбасы бар деген келіншектің жақында күйеуі өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Содан бері көшеде қол жайып жүрген көрінеді. Өйткені, аяғы ауыр әйелді ешкім жұмысқа алмайды дейді.

“Пәтердің ақшасын төлей алмай жатырмын. Елдерден көмек сұраймын. Көмектесіңіздерші. Өзімнің аяғым ауыр. Мен баламды ешкімге бергім келмейді”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Әйгерім Саркииева.

Әйгерім – өз күшімен компьютерді меңгеріп алған. Бірақ қолайлы жұмыс таппапты. Бұрын тек бала күтушісі болып жұмыс істеген. Кейін күйеуінің жалақысымен жан бағыпты. Отағасынан айырылғалы нәпақасын көшеден тауып жүр. Алайда, күні бойы отырып, түк таба алмай қайтатын күндерім көп дейді аяғы ауыр келіншек.

“Кей кезде таппай қалам. Хозяйкама айтам. Хозяйкам түсінеді. Кей кезде ақша алмай ақ қояды”, – дейді ол.

Келіншектің босанатын күні жақындаған сайын жылы пәтерімнен айырылып қалам ба деген қорқынышы басым. Биыл бірінші сыныпқа баруы тиіс ұлын да қасынан тастамайды. Мектепке беретін күйім болмады дейді. Ұлы Әділі де тілі күрмеліп сөйлейді екен. Емдетуге қаражаты жоқ, әзірге тапқан-таянғаны – ішіп-жем мен жалдап тұратын бөлмесінің ақысынан артылмайды. Кейде жетпей де қалады.  “Аяқ-қолымды бауырыма алған соң, екі баламды өзім бағам, тек осы уақытша қиындықтан шығып алсам екен” – деген жүкті әйел, қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар