Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өзгенің жеріне салынған кәуапхана қиратылды (фото)

Бүгін Алматыда «Школьник-2» шағын ауданындағы «Луна» дәмханасы маңында салынған кәуапхана мен санитарлық торап сүріліп тасталды.

ш

Суреттер: bnews.kz

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы Әлібек Төлбасиев өз сөзінде «Школьник-2» шағын ауданындағы №5-ші тұрғын үй маңындағы кәуапхана мен санитарлық тораптың қызыл жолақтың арғы жағында  салынғандығын атап көрсетті. Тұрғын үйге жатпайтын бөлмелердің бірін иелері өз еріктерімен бұзып тастады.

ч

Төлбасиевтің айтуынша, апта соңына дейін тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп тасталады.

Айта кетелік, 1 маусымда Алматыда Абай даңғылының бойындағы заңсыз салынған дөнер-кебаб аспаздық жайы сүріліп тасталған болатын.

с

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда атақты дөнер дәмханасы қиратылды

Талқылау