Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өзге ұлт өкілдері жаппай диктант тапсырады

Алматыда өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілден жаппай диктант тапсырады. Жалпықазақстандық ашық диктант Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өтетін «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналады.

20160517141130

Сурет: inform.kz

Ертең Достық үйінде республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, оқушылар, жастар мемлекеттік тілден сауаттылығын тексереді.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту көзделіп отыр.
Тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту басты міндет», – деді Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілі Еңлік Ерболқызы.

Талқылау