Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өзбекстандықтар зейнеткерлерді гипноздау арқылы тонап келген

Алматыда зейнеткерлерді гипноздап, алдап, тонап келген 5 өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

Полицияның айтуынша, қылмыстық топтың құрамында 5 Өзбекстан азаматы бар. Олар өз елінде де осындай қылмыстары үшін істі болған. Алматыға келгендеріне біраз болмаған, бірақ, 3 миллион теңге көлемінде жымқырып үлгерген.

“Азаматтар зейнеткерлерді алдап келген. Егде жастағы адамдарға ескі ақшаңды жаңартып беремін деп алдаған. Сонымен қоса, осы қылмыстық топтағы әйелдер алаяқтық жасау кезінде зейнеткерлерге гипноз жасаған. Қарт кісілер ақшаны өз қолдарымен қалай беріп қойғанын кейін әрең естеріне түсірді”, – дейді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Тимур Өсекбаев.

Кей кездері қылмыскерлер зейнеткерлермен бірге банкке барып, оның ақша шығарғанын күтіп тұратын болған.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелері ұсталып, қамауға алында.

Полиция суреттегі адамдардан зардап шеккен азаматтар бар болса, 298-52-80; 298-52-83, 298-52-82 нөмірлеріне хабарласуды сұрады.

Тағы оқыңыз:

Арқасы мен кеудесіне ине кіргізіп тастаған: Аружан Саин ОҚО-дағы қыз баланың адамшошырлық оқиғасын айтты

9 жасар қызды құмарын қандыру үшін пайдаланған: Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға

Бауыржан Байбек ақауы бар деп алдағы жөндеуге ұсынылған көшелердің суретін көрсетуді талап етті

21 жастағы егіз қазақ жігіттер ұшақ басқарып жүр

 

Талқылау