Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өз сәбиін аяусыз соққыға жыққан әйел бұған дейін де қыздарына қорлық көрсеткен

Аңдамай сөйлеп, ұлының әрекетін әшкере етті! Алматы облысында өз сәбиін аяусыз соққыға жыққан әйелдің соты қып-қызыл жанжалға ұласты. Марина Тюменцеваға қарсы куəлік етуге келген енесі оны балағаттаймын деп байқаусызда немерелерінің көптен бері көріп жүрген қорлықтары жайлы айтып қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сөйтсе, қос бірдей бүлдіршін бұған дейін талай мәрте таяқ жеп, тіпті, басы жарылған кездер болыпты. Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Марина Тюменцеваның әрекеті күллі ғаламторды шулатқан болатын. Жылап қоймаған перзентін жерге атып ұрған әйелдің сотынан келген тілшіміз айтып берсін.

Баласын еденге лақтырып аты шыққан анаға сот үкімі бүгін шығуы тиіс болған. Арнайы органдар сәбиіне қатігездік танытқан әйелді аналық құқығынан айырып қана қоймай, 3 жылға бас бостандығынан айыруды да сұраған. Алайда, бүгін аяқталуы тиіс сот аяқасты бітпейтін болып, ал оған қатысқандар далаға долданып шықты.

“Мен оны қорғаштағанмын”, – деді сотталушының енесі.

Табаны жерге тимей қашқан Тюменцеваның енесі. Әйел келініне қарсы куәлік беруге келген. Бірақ, байқамай өз баласының да бала-шағасына қол жұмсайтынын айтып қалды. Атап айтқанда, Константин Овсянников қыздарын көсеумен ұрған көрінеді.

Жанжалдан көз ашпаған отбасында ақыр аяғы 7 айлық сәби соққыға жығылған. Жантүршігерлік жайтты таспаға түсіріп, күллі жұртқа таратқан Константин Овсянников те куәгер ретінде сотқа қатысуда. Бірақ, еркектің өзіне де таяқтың бір ұшы тиген сыңайлы.

 

Жабық жағдайда өткен сот процесінен соңғы боп Тюменцеваның өзі шықты. Алайда, ананы асыға тосқан тілшілер тосылып қалды. Өйткені күні кеше ғана ашылып сөйлеген əйел сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты.

“Мен ештеңе айтпаймын!” – дейді сотталушы Марина Тюменцева.

Ал анасынан оңбай таяқ жеген 7 айлық Ирада мен оның 5 жастағы əпкесі Таисаның тағдыры бес күннен кейін белгілі болады. Баласына аса қатігездік танытқан анаға үкім сол кезде шығады. Естеріңізге салсақ, өз сәбиін ұрып өлтіре жаздаған келіншек осы әрекеті үшін соттан кешірім сұраған. Айтуынша, күйеуі мен енесінің кесірінен осы жағдайға душар болған.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында мүгедектерге үй алып берген депутат қамауға алынды

22 жастағы қазақ жігітінің есімі жазылған чип Марс планетасын айналып өтпек (фото)

Көкшетауда 4-сынып оқушысы құдыққа құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Мұратхан Тоқмәди: Келіншегім мені заңсыз тұтқындалды деп есептейді, бірақ шын мәнінде олай емес (видео)

Талқылау