Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда марафон кезінде көз жұмған 18 жастағы жігіт спорт шебері болған

Алматыда өткен марафонға қатысқан 18 жастағы жігіт қайтыс болды. Ол мәреге аз қалғанда өзін жайсыз сезініп, құлап түскен. Арада үш минут өткен жан тапсырған.

Жастайынан жанына спортты серік еткен ұлының осындай жағдайда өмірден озғаны анасының қабырғасын қайыстыруда. Себебі, осыған дейін денсаулығында ешқандай кінәрат болмапты. Королевтер әулетінің ұлы да, қызы да болған Максим «күрес және жауынгерлік самбо» бойынша спорт шебері болған екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Суретіне қара лента ілінген ұлын көрген анасы жүрегі езіліп, әрең шықты оқу орнынан. Жалғыз баласынан қапияда айырылғанына сене де алар емес. Астананың тұрғыны болғанымен Алматыға оқуға түскенін айтады. Әулетінде шетімен шенділер болған соң, Максим Королев те заңгер болуды армандапты. Қаралы хабарды шіркеуден дұға оқытып шыққанымда естіртті дейді шешесі.

Мектепте озат, достарының ортасында көшбасшы, өте бауырмал еді деп еске алды анасы. 18 жасқа дейін спорттан талай белесті бағындырып, бір рет те жерге қаратпаған дейді. «Күрес және жауынгерлік самбо» бойынша спорт шебері, кросс бойынша өткен қалалық спартакиаданың жүлдегері екен. Ал, күні кеше Алматыда өтетін марафонға өзі қатысамын деп анкета толтырыпты.

«Қиын емес, футбол ойнап жүреді. Біледі. Қаншалықты қиын екенін. Ауру ештеңесі жоқ, жазып тұр ғой Алла» – дейді марқұмның әкесінің досы Нұрлан Төлебаев.

Жартылай марафонды ұйымдастырушылар оны осымен жетінші рет өткізгендерін айтады. Осы жолы үш жарым мың адам қатысыпты. Максим Королев мәреге бір орам жер қалғанда жайсыз сезініпті. Құлаған соң үш минут өтпей, жан тапсырмаған. Қазір қыршын кеткен студенттің өліміне сне себеп болғанны сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

«Ол жақсы жүгіріп келе жатқан. Бізде әр спортшының жанында медбикелер жүреді. Аяқасты құлады. Өзіміз түсінбей қалдық» – дейді марафонды ұйымдастырған корпоративтік қордың директоры Салтанат Қазыбаева.

Марқұмның отбасы ешкімді кінәламаймыз дейді. Тек сонша жыл спортта жүрген балаларының жүрегі 10 шақырым жүгірісті көтере алмағанына таңқалуда. Әйтпесе, оқу орнындағы жатақханасы жайлы, достары жағымды еді дейді. Бүгін мәйітхана алдын торауылдаған студент жолдастарының да қарасы қалың. Ең озат топтастарымен қоштасты. Ал, жалғыз ұлынан айырылған анасы ұлын сәрсенбі күні Астанада жерлейміз деді.

Айта кетейік, 14 қазанда Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіткенеттен қайтыс болып кеткен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау