Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт сөндіру көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда өрт сөндіру көлігі рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

030717 орт сондіру

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінен хабарланды.

«Өрт сөндіру қызметі Шаляпин көшесінен төмен Алтынсарин көшесінің бойымен жүріп бара жатты. Бұл уақытта жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолдан жүгіріп өтпек болды. Сол кезде өрт сөндіру көлігі оны қағып кетті. Жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – делінген ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті

Алматыда танымал сауда орталығында жас жігіт құрылыс кезінде көз жұмды

Павлодарда адамдар аралап жүрген уақытта сауда үйінің төбесі құлап түсті (видео)

Таиландта алып кесіртке туристі жеп қойды

Талқылау