Алматыда Оңтүстік Кореядан жалақысы жоғары жұмыс тауып беремін деген әйел жұртты тақырға отырғызып кеткен

Алматыда 29 жастағы Диана Құрманова адамдарға Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беретінін айтып, сан соқтырып кеткен. Осындай қызметі үшін жұрттан қомақты ақша алған әйел артынша хабар-ошарсыз қашып кетеді. Бүгінде полиция оны ұстады.

Оңтүстік Кореядан жалақысы жоғары жұмыс тауып беремін деп жұртты алдаған әйел ұсталды

Бұл туралы Almaty арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Диана Құрманова Оңтүстік Кореядан жалақысы жоғары жұмыс тауып беретіні туралы хабарландыруды ғаламторда жариялаған. Ол қызығушылық танытқандармен жүздесіп, Кореядағы аста-төк өмір туралы түрлі суреттерді көрсетіп, қызықтырыпты. Күніне 80 доллардан төленетін жұмыс бар екенін де айтады. Артынша өзіне сенгендерден қомақты қаражат алып, телефонын сөндіріп, хабар-ошарсыз кеткен.

Бүгінде бір адам ғана оған алданып қалғанын айтып, полицияға арызданған. Ол әйелге 1,5 миллион теңге шамасындағы ақшасын ұстатыпты.

«Осы алданған азамат Диана Құрманованың қолына 1 млн 400 мың теңгесін табыстаған. Ол соманың ішіне визаны дайындаудан бастап, Оңтүстік Кореяға дейін жеткізу қызметтері кірген. Қазіргі таңда анық болғандай, ол азаматша Оңтүстік Кореяда ешқашан болмаған. Ондай таныс-тамыры да жоқ, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де жоқ», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, полициядағылар Диана Құрмановаға алданған жандардан 254-48-00 және 254-48-02 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар