Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өлі күйінде табылған әйелді зорлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды

Із-түзсіз жоғалып кеткен 37 жастағы Людмила Зархтың мүрдесі табылуына байланысты Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Безымянный

«Аталған іске қатысты ҚР ҚК 99, 192, 120 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, іске байланысты куәгерлерді анықтау шарасы қатар жүргізіліп отыр. Бүгін полиция қызметкерлері 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Іске қатысты қосымша ақпарат алдағы уақытта беріледі»,  – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйектен бастап, Алматы қаласы қоғамдық қауіпсіздік кеңесі мен еріктілер жоғалып кеткен Людмила Зархты іздеуге кіріскен. Кеше кешкі сағат 21 шамасында Баум бағынан оның мүрдесі  табылды. Оны еріктілер тапты. Олардың айтуынша, күдікті Зархты зорлап, қылқындырып өлтірген болуы ықтимал.

Алматыда полиция ұстап алып кеткен мүгедек ер адам жоғалып кетті

Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт жоғалып кетті

Ресейге қоныс аударған қазақстандық хоккейші өлі күйінде табылды

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Талқылау