Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушыларын аяусыз ұрған ұстаз қылмыстық жауапқа тартылды

Төрт оқушысын  ұрыса отырып ұрған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Түркісіп ауданындағы орта мектептердің бірінде болған жағдайды оқушылар түсіріп алып, ғаламтор арқылы жариялап жіберген болатын.

20151129121735

Мұғалімі оқушылардың басын тақтаға ұрғанын көрген көпшілік шошыған еді. Қалалық ІІД баспасөз қызметі  ұстаз ұсталды деген ақпарат таратып отыр.

Бұл оқиға бойынша істі  тәртіп сақшылары осы айдың 28 күні қарай бастаған. Оқиға 25 қараша күні болғаны анықталған. Онда 22 жастағы мұғаліп оқушыларды сөгіп,күш қолданған.

Болған жағдай бойынша оқушылардың ата-аналары шағым түсірмеген. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жалғасуда.

Жарияланған видеода оқытушы төрт баланы тақтаға шығарып ,оларға дауыс көтеріп бастайды. Артынша кезекпен ұрып шығады. Осыдан кейін бір оқушының шашынан ұстап тақтаға бірнеше рет соққылайды.

 

 

Талқылау