Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүйсенбіде Қазақстанда күн ашық болады

Республиканың бүкіл аумағы ауқымды антициклон ықпалында болады, соған байланысты күн райы ашық болады деп күтілуде.

казгидромет

Бұл туралы  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Елдің шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашын түсуі, желдің күшеюі сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі – желдің күші 15-20 м/с.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Талқылау