Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушылар тауда аяғын сындырып алған әйелді 2 шақырымдай жерге көтеріп әкеліп, құтқарды (фото)

 Алматыда бір топ мектеп оқушысы тау бөктерінде аяғын сындырып, жүре алмай қалған әйелді құтқарып қалды.

тау2

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«5 маусымда №19-шы орта мектептің оқушылары – «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері тауға жасалған есептік жорықтан қайтып келе жатып, тау бөктерінде аяғын сындырып жүре алмай қалған жалғыз әйелді көріп қалады. Оқушылар тез арада оған алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кейін, 7-ші сынып оқушысы Думан Манапов әйелді көтеріп алып жүру үшін жамылғы плащты зембіл ретінде пайдалануды ұсынды. Осылайша, оқушылар әйелді таудан төмен қарай 2 шақырымдай алып жүреді. Кейін, алдарынан шыққан Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлеріне әйелді тапсырады. Зардап шеккен әйел көзіне жас алып, оқушыларға шексіз алғысын білдірді», – делінген хабарламада.

тау3

Бұдан кейін, көп ұзамай Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері балаларға ризашылығын білдіріп, оларды өздерінің жаттығу базасына келуге шақырды. Онда тәрбиеленушілер құтқару қызметі бойынша әр түрлі жаттығулар жасауға мүмкіндік алды.

тау1

Қазіргі таңда «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін марапатқа ұсыну мәселесі шешіліп жатыр.

Ал зардап шеккен әйелдің халі тұрақталды.

тау

Айта кетелік, қаладағы әскери-патриоттық клубтардың қызметіне Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жетекшілік жасайды.

 

Талқылау