Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушыға орындық көтергізіп қойған мұғалім жұмыстан қуылды

Оқушыға қатаң жаза қолданған ұстаздың өзі сазайын тартты. Алматыдағы мектептердің бірінде сабаққа кешіккен қызға орындық көтергізіп қойған мұғалім жұмыстан кетіп, басшыларына да шара қолданылды, деп хабарлайды КТК.

лого

Жоғарғы оқу орнын бітіре сала №151 мектепке жұмысқа орналасқан қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Қожахан оқушыларына осындай жаза қолданған екен. Ол сабаққа кешіккендерді ғана емес, үй тапсырмасын орындамаған оқушыларды да осылайша тәртіпке шақырыпты. Бейнежазба ғаламторда тараған соң 21 жастағы ұстаз өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Ал тексеріс жүргізген білім бөлімі мектеп директорына ескерту жасап, оның орынбасарына сөгіс жариялаған. Қазір қатал мұғалімнің ісімен тәртіп сақшылары айналысуда.

«Қазіргі таңда Қожахан Динараға байланысты іс құқық қорғау орындарында жүріп жатыр. Жас маман болғасын білместігі болған шығар деп ойладық. Ары қарай мұғалім болып жұмыс істей алмайды. Басқа мамандық таңдаймын деп бізге ескерту айтты», – дедi Патшагүл Алмағамбетова, Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы.

Талқылау