Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оққа ұшқан 23 жастағы шекарашы Азамат Әзімжанов жұмысын мақтан тұтқан

Атыс кезінде қаза болған ҚР ҰҚК қарасты Шекара қызметінің 2177 әскери бөлімінің аға технигі Азамат Әзімжанов өз жұмысын мақтаныш еткен.

ымым

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Азамат жұмысын жақсы көрді. Бала кезінен әскери қызметкер болуды армандады, сол мақсатқа ұмтылды. 2013 жылы аға лейтенант атағын алғанын қуанышпен хабарлап, фотосуреттерін жіберген болатын. Оның қазасы қабырғамызға қатты батты. Тұтқиылдан келген ажал жалмап кетті. Азамат өте адал, ақкөңіл, жаны таза болатын. Еліміз тағы бір арыстай азаматынан айырылды”, – деді опат болған жігіттің достары.

Азамат Әзімжанов 1993 жылы Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пиджин ауылында туған. 2010 жылы мерзімдік қызметке шақырылып, 2013 жылы Воронеждегі Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Жуковский және Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын тәмамдап, аға лейтенант атағын алған. Соңғы қызмет еткен орны – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

18 шілде күні ҰҚКД қызметкерлерінен бой тасалаған лаңкес Руслан Куликбаев оның көлігін иемденуші үшін атып тастаған.
Азамат отбасы құрып үлгерген жоқ. Артында ата-анасы мен қарындасы қара жамылып қалды.

Талқылау