Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда немересі ұрып өлтірген қарияның артынан әжей де жан тапсырды

Алматыда немересінен соққы жеген әжей көз жұмды. Қайғылы оқиға Медеу ауданында 14 сәуір күні болған.

babushka_2

Сурет: chto-proishodit.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

14 сәуірде  қариялардың үйіне 26 жастағы немересі ақша сұрап келген. Айта кету керек, қаза болған қариялардың шағын дүкені болған. Сұраған ақшасын бермеген атасына немересі балғамен ұрып өлтірген. Жанжалға араласқан әжесі де ауыр соққы алып аруханаға түскен еді.

Медеу аудандық ІІБ жедел іздестіру тобын құрып, қылмыстық іс қозғады.

Осы уақытқа дейін тергеу орындарынан жасырынып жүрген 26 жастағы азамат тонау мақсатымен шабуыл жасағаны үшін қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда туған немересі ақша үшін атасын балғамен ұрып өлтірді

Талқылау