Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

Жексенбі, 13 Қараша , 2016 10:36

Алматыда мүмкіндігі шеутеулі жандар арасында өткен сұлулық байқауында Сәбина Қасымова жеңіске жетті. Ұлттық «Ұлы дала ханшайымы» байқауы биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161113094131

Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша, екінші орын Қарлығаш Нұрбековаға бұйырса, Меруерт Күлахметова үшінші орынға тұрақтады.

Жеңімпазға тәжді «Ресей аруы-2013» Ксения Безуглова кигізді.

Енді Сәбина Қасымова еліміздің атынан негізін Ксения Безуглова қалаған халықаралық «Өркениет аруы» байқауына қатысады.

Байқаудың ұйымдастырылуына қоғамдық «Алматы әйелдер клубы» бірлестігі ұйытқы болды. Іріктеу осыдан екі ай бұрын басталған болатын. Ақтық жолдамаға тоғыз бойжеткен жолдама алды. Бас жүлдеге автокөлік сыйға тартылса, екінші орынға екі адамға Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама табысталды. Сондай-ақ, жүлделі үшінші орын иегері smart-теледидар ұтысына ие болды. Қатысушылар мүгедектер арбасында отырып өнер көрсетті, дизайнерлік және кешкі көйлектер киіп шықты.

20161113094455

Жіберіп алмаңыз:

Павлодардағы сұлулық байқауында жеңген қыз Абайдың 150 өлеңін жатқа біледі (фото)

“Қарағанды аруы” Қытайда өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)

Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар