Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мүгедек жігіт өзін бөтен адамдардың құлдықта ұстап қайыршы еткенін айтты

Алматыда мүгедек жігіт өзін құлдықтан құтқаруды сұрайды. 30 жастағы жігіт өзін бөгде адамдар қайыр тілеуге мәжбүр етіп отыр дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

мввм

Ол барлық жинаған ақшасын қожайынына береді екен. Егер, керекті қаражатты жинамаса, оны қатаң түрде жазалайды екен. Ер адам жеке үйде тағы да басқа мүгедектерді жинап алған дейді. Мұны жергілікті тұрғындар да растап отыр. Олар көрші ауладан күнде кешке айғай-шу естіледі деп отыр.

Александр Алматыда екі айдан бері жүр. Ол өзін мұнда Тараздан белгісіз адамдардың күштеп әкеліп, көшеге қайыршы етіп шығарып қойғанын айтады. Ол қазір жеке үйде тұсаулы өмір сүріп жатыр.

“Мені әбден ұрып-соғады. Егер күніне 2000-3000 теңге әкелмесем, соққының астында қаламын. Бүгін қолымды сындырды”, – дейді ол.

“Олардың үш адамды алып келгеніне екі айдай болды. Әр күн сайын ұрады. Бұлар әдейі мүгедектерді жинап алып зорлап қайыр тілетіп, ақша алады. Күн сайын кешкі 8-10 кезінде бір жігіттер көлікпен келеді. Онда әйелдер де бар”, – дейді көршілері.

Үйдің ауласында мүгедектер арбалары тұр. Көршілердің айтуынша бұл жәй ғана реквизит. Ал Александр қазір тек өз үйіне оралуды армандап жүр. Ол Таразда туыстарым іздеп жатыр дейді.

Талқылау