Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүйкесі ауыратыны байқалады: Алматыда мысықтарды бауыздаған жігіт жындыханаға жабылуы мүмкін

Алматылық жігіт мысықтары бауыздап, оның суреттерін желіге жүктеп елді шошытты. Жігіттің өзі ол мысықтардың тірі емес, манекен екенін айтып сендіруге тырысты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Басы шабалған мысықтардың суреті жануарларды қорғаушыларды алаңдатып отыр. Олар прокуратураға шағымданып барғанымен, жігітті жазалау оңайға түспеді.

Ал, жігіттің өзі ешқандай мысықты өлтірмегенін айтып, суреттегі ойыншық мысық  деп ақталды.

“Суретте манекен мысықтар. Оларды өзім жасағам. Тірі мысықты өлтірген жоқпын. Шын сөзім”, – деді Роман Чекмарев.

Алайда, жігіттің қолынан тырналған іздеп байқалып тұрды. Моншасында да қан іздері бар болып шықты.

Бір сөзінде жігіт көршісінің мысығын өлтіргенін айтып қалды.

Ал, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі жігіттің психикалықауытқушылығы бар екенін айтты.

“Оның жүйке ауруына бір табан жақындығы бірден байқалып тұрады. Учаскелік инспектордың түсінігіне қарағанда да соңғы кездегі іс-әрекеттері ойға сыйымсыз боп табылған. Учаскелік инспектор соңғы бір айдың ішінде үш рет оған медициналық көмек шақырған болатын арнайы мекеменің медициналық көмегін. Қазіргі таңда бұл азаматты ресми түрде жүйке ауруларына шалдыққан азаматтарды емдейтін мекемеге орналастыру көзделіп отыр”, – дейді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алайда бұл да ұзақ процесс. Ол үшін жақыны арыз жазу керек. Оның жалғыз анасы бар. Оның өзі жүйке ауруымен есепте тұр. Сондықтан жігіте қатысты «жануарларға жәбір көрсетті» деген баппен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұрын үш ре тісті болған. Екі іс адам өлтіру бабына қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау