Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәуліт мерекесіне орай концерттік шара ұйымдастырды

Бүгін Алматыда республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мұхаммед пайғамбардың туған күні Мәуліт мерекесіне байланысты рухани кеш өткізді.

????????????????????????????????????

Мерекелік шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе, Мәулітті атап өтудің маңыздылығы және пайғамбарымыздың өмірі туралы айтты.

????????????????????????????????????

«Әлемді қараңғылықтан жарық нұрға бөлеген, екі дүниенің бақытына кенелуге ұстаз болған Мұхаммед пайғамбарға арналған мәуліт кешінде отырмыз. Бүгінгі мәуліт – кешірім пен мейірімділіктің мерекесі. Бұл қоғамдағы ізгілікті пайғамбарымыз көрсеткендей, бірін-бірін құрметтеудің, қамқорлық жасаудың мерекесі», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Рухани кеште «Өнер қырандары» театрының өнерпаздары ғибратты оқиғаларға толы қойылымы көрермен көңіліне ой салып, ерекше әсерге бөледі. Елге танымал «Жігіттер» квартеті мен Еркін Нұржанов т.б айтқан терме-толғау, ғибратты ән-жырлары мерекенің әрін кіргізіп, жиналған көрермендерді қуанышты көңілге бөледі. Одан бөлек, белгілі айтыскер ақындар мен өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, рухани кештің шырайын келтірді. Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды.

????????????????????????????????????

Сонымен бірге, тұрмыстың ауыртпашылығын тартып, еліміздің телеарналарынан көмек қажет деп сұраған отбасыларға, балалар үйіне Мәуліттен түскен қаржы қайырымдылық есебінде жұмсалды. Бірінші кезекте ауыр дертке шалдыққан балалардың сырқатын емдеуге жұмсалса, екінші кезекте көп балалы аналар мен қамқорсыз қалған қарттарға көмек көрсетілді.

Шараның басты мақсаты – жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дініміздің талаптарымен, әдет-ғұрпымыздың құндылықтарымен, ұлттық болмысымызбен ұштастырып, иманды, зиялы, зайырлы, қоғам құруға үлес қосу.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Жазушы Смағұл Елубай  қайырымдылық кешінен ” Рухани моншаға түскендей тазарып қалдым” дейді.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пайғамбарымыздың туған күніне арналған Мәуліт кешіне бірінші рет келіп отырмын. Бұл шараны бұрын көрмегендіктен қалай ұйымдастырар екен, осындай зәулім сарайда халықты 3 сағат бойы қалай ұстап отырар екен деп ойладым. Пайғамбарымыздың өмірі жайлы әндер мен қойылымдар ерекше әсерге бөлеп, діннің бұлағынан сусындатып, рухани моншаға түскендей тазарып қалдым. Әртістер дін, ұлағат, тағылым жайлы ән шырқап, театрландырылған көріністер қойды. Осының бәрі ғажап әсерге бөледі. Мәуліт мерекесінің тәрбиелік мәні тұрғысынан қазақ жастарына берер тағылымы ұшан теңіз”,-дейді жазушы.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

“Адам баласы өмірін мәнді де, сәнді өткізгісі келеді. Ал, мағыналы ғұмыр кешудің сыры адамгершілік пен ізгілікте. Адамгершілік – адамның ниетінде. Бүгінгі шара халықты осындай даналық бұлағынан сусындатты. Адамзаттың абзалы пайғамбарымыздың туған күніне арналған кештің танымдық, тәрбиелік маңызы өте зор. Ұлттың ата-бабадан келе жатқан асыл қасиеті мен рухани дүниелерін осылай жаңартып, жаңғыртудың мемлекетіміз үшін берері мол. Тағылымды кеш бойымызға рухани байлықтан нәр берді. Осындай игі жұмыстарды жасап жатқан Діни басқармаға алғысымды білдіремін”,-дейді  қоғам қайраткері Аслы Осман.

????????????????????????????????????

Концерттік шара барысында театрлық қойылым көрсетілді. Онда  селден зардап шеккен отбасылардың ішкі өмірі көрсетілді.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Тамашалап отырған көрермендер  ауыр жағдайдағы отбасылардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, көз жастарына ерік берді.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

 

 

 

 

Талқылау